Жұмыспен қамтудың жаңа жол картасы әзірленуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыспен қамтудың жаңа жол картасы әзірленуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жаңа Жұмыспен қамту жол картасы әзірленуде. Жалпы қаржыландыру 300 млрд теңгені құрайды. Өткізілген скрининг нәтижелері бойынша іріктелген өңірлердегі жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен 120 мың жұмыс орыны құрылатын болады», - деді кәсіпкерлікті және отандық өндірісті қолдау шаралары жайында баяндаған министр.

Оның атап өтуінше, мұндай жобаларды іске асыру жолдарды, көпірлерді жөндеу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын реконструкциялау сияқты халықтың ең өзекті проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

«Кеше Мемлекет басшысы телевизия арқылы жасаған үндеуінде атап өткендей, кәсіпкерлікті қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға 300 млрд теңге бөлінеді. Несиелерді субсидиялау және салықтық ынталандыруларды беру мәселелері қосымша пысықталды. Сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 400 млрд теңгеге дейін қосымша өтімділік беріледі. Қызметтік белсенділікті сақтаудан басқа 200 мың жаңа жұмыс орны құрылады«, - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар