Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес 4280,5 млн. теңгенің жұмыстары атқарылды - К.Сәдбеков, БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасымыз халықты жұмыспен қамтуға айрықша маңыз беріп отырғаны мәлім. Осыған орай Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 10640 жаңа жұмыс орны ашылды.
None
None

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Кемел Сәдбековтің айтуынша, соның ішінде 4953 жұмыс орны немесе 46,6 пайызы ауылдық жерде ашылды. 5264-і - тұрақты, 5379-сы - уақытша және маусымдық жұмыс.

Өңірде бір жылда 14425 адам еңбек орнын тапса, соның ішінде 7111-і жұмыспен қамту бөлімі, 7314-і «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасты. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 7781 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. 7781 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес облысқа 4280,5 млн. теңге берілді. Бағдарламаның бірінші бағыты - «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 25 әлеуметтік нысанды салу мен жөндеуге 2504,0 млн. теңге бөлініп, ол толықтай игерілді. 25 жоба тегіс жүзеге асырылып, 888-дің орнына 960 жаңа жұмыс орны, 447-нің орнына 491 адам жолданды.

Бағдарламаның екінші бағыты - «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» аясында 506 адамға 996,0 млн. теңге шағын несие толығымен берілді. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 23,1 млн. теңге қаралып, 500 адам оқып шықты.

Бағдарламаның үшінші бағыты - «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» аясында оқудан шығарылғандарды қоса есептегенде, 1164-тің орнына 1212 адам жолданды. Қазіргі таңда солардың 908-і оқуларын аяқтап, 874-і немесе 96,3 пайызы жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 1 мыңның орнына 1764 адам, жастар тәжірибесіне 900-дің орнына 1316 жас түлек жіберілді.

Аталмыш бағдарлама биыл да жалғасын тауып, оның бірінші бағыты бойынша 22 нысанды салу немесе жөндеу көзделуде. Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында 548 жұмыс орны ашылып, 276 адам еңбекке орналастырылады. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 450 адам кәсіпкерлік негіздерін үйренсе, 500 адамға 1238,2 млн. теңге көлемінде шағын несие беріледі. Үшінші бағыт бойынша 596 адам әлеуметтік жұмыс орындарына 1354 түлек жастар тәжірибесіне жіберілсе, 540 адам кәсіби білімін жетілдіреді.

Сонымен қатар кедейлік деңгейін төмендету, аз қамтылған отбасылардың жиын­тық табысын көбейту мақ­са­тында бірінші кезекте еңбекке жарамды отбасы мүшелерін жұ- мыс­пен қамту шаралары жал­ғасын таппақшы. Кедейлік шегінен та­­­­бысы төмен аз қамтылған отба­сыларға 141,0 млн. теңге көле­мін­де мемлекеттік атаулы әлеумет­тік көмек төленеді. Азық-түлік себетінен табысы төмен аз қамтылған отбасылар­дың 18 жасқа дейінгі балалары бар адамдарға 477,2 млн. теңге кө­лемінде мемлекеттік жәр­дем­ақы төленеді. Сондай-ақ жер­гілікті бюджет есебінен аз қам­тыл­ған отбасыларға 152,5 млн. теңге мөл­шерінде тұрғын үй көмегі көр­се­тіледі.

«Елбасы тапсырмасын орындау бағытында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері­не 150 мың теңге және соларға теңестiрiлген санаттарына облыс бойынша мерекелік және атаулы күндерде төленетін біржолғы әлеуметтік көмек көлемін көбей­ту мақсатында барлық аудандар­ мен Орал қаласында жергілікті өкілетті органдардың ше­шім­­­деріне тиісті өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізіліп, соған сәйкес жұмыстар атқарылуда», деді К.Сәдбеков.

Соңғы жаңалықтар