Жұмыспен қамтылғандар саны 8,6 млн. адамға жетті

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Республика экономикасында 2013 жылдың желтоқсанындағы бағалау бойынша 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды.

Жұмыспен қамтылғандар саны 8,6 млн. адамға жетті

Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 74,9 мың адамға немесе 0,9%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6,0 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 69,7%) құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде хабарланды. 2013 жылғы 4 тоқсандағы алдын ала деректері бойынша өз бетінше жұмыспен нәтижелі қамтылғандардың үлесі 64,5% құрады, өз бетінше жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар - 35,5%. 2013 жылғы желтоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 466,0 мың адамды, яғни жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2013 жылғы желтоқсан айының соңына 30,0 мың адам («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,3%-ын құрады (2012 жылғы желтоқсанда - 0,4%). 2013 жылдың желтоқсанындағы бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,4%-ын құрады.