Жұмысшы әкеліп беремін деп, мекеменің 4,5 млн теңгесін алып кеткен

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – 26 мамырында Қаратау АПБ-на бір мекемеден қатынас хат келіп түскен. Онда Д. есімді азаматтың Өзбекстаннан құрылыс жұмысын жасайтын жұмысшылар әкеліп беремін деп, жалпы 4 500 000 теңгені алаяқтық жолмен иемденіп кеткендігін көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмысшы әкеліп беремін деп, мекеменің 4,5 млн теңгесін алып кеткен

Қаратау АПБ КПБ-ның қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ақшаны алып кеткен жергілікті жердің 25 жастағы тұрғыны қолға түсті. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау амалдары жүргізілуде.