Жұмысшы жастар пәтерді қандай шарттармен алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 1-6 желтоқсан аралығында «Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша құжат қабылданады.

Бұл туралы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің тұрғын үй қорының баспасөз хатшысы Арманай Қабдешова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бағдарлама бойынша құжаттарды қабылдау онлайн режимде жүргізіледі, осы орайда 2020 жылғы 1-6 желтоқсан аралығындаastana.gov.kz сайты арқылы тапсырасыздар», - деді А. Қабдешова.

Айта кетейік, 2020 жылға 350 пәтер беріледі.

Ай сайынғы жалдау ақысы 5 000 - 15 000 теңге шамасында болады.

Пәтер ауданы: ауданы 31 ш.м.-ден 47 ш.м. дейінгі 1 бөлмелі пәтер.

Шарттары:

- 29 жасқа толмаған ҚР азаматы;

- аяқталған орта/арнайы орта/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналастыру;

- Нұр-Сұлтан қаласында соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты үздіксіз тіркелу;

- өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде ҚР бойынша меншік құқығында, сондай-ақ 2 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;

- төлем қабілеттілігін растау (ай сайынғы табыс минимум 111 120 теңге/соңғы 6 айда 40 АЕК).

«Егер Сіз Нұр-Сұлтан қаласында ТЖ кезінде 42500 теңге алған болсаңыз және ол аяқталғаннан кейін қашықтан жұмыс нысанында болсаңыз, соның салдарынан Сіздің кірістеріңіз төмендеген болса, бұл өзгерістер Сіздің өтінішіңізді қарастыру кезінде ескерілетін болады», - делінген Тұрғын үй қоры мәліметінде.

Қажетті құжаттар тізімі:

1.Өтініш берушінің ЭЦҚ кілті;

2.Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (жұбайы, балалары болған жағдайда) жеке куәлігінің сканерленген нұсқасы;

3.Дипломның сканерленген нұсқасы (жоғары білім туралы диплом, мектеп аттестаты, біліктілік, арнайы-техникалық білім туралы диплом – бар дипломдардың бірі);

4.. Неке қию туралы куәліктің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);

5.Балалардың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);

6.Өтініш берушіге және отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда жұбайы, балаларына да);

7.Жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы (меншік нысанындағы мемлекеттік органдардың «ММ», «КММ», «РММ», «МКҚК», «РМҚК», «ШЖҚ МКК», «ШЖҚ РМК» қызметкерлерінде жұмыс орнынан мемлекеттік қызметтегі жалпы өтілі көрсетілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі анықтама болуы тиіс);

8.Еңбек қызметінің бүкіл кезеңі үшін БЖЗҚ зейнетақы аударымдары туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;

9.Зейнетақы аударымдары есептелмейтін әскери қызметшілерге жұмыс орнынан Сіз тұрғын үй төлемдерін алмайтындығыңыз туралы анықтаманы қоса беру қажет;

10. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері қызметтік тізімді ұсынуы қажет (болмаған жағдайда, ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес құжаттардың бірін ұсынуы қажет);

11. Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (карточкалық шот, ағымдағы, жинақ, дебеттік шот және т. б. - бар шоттардың бірі);

12. Банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірменің сканерленген нұсқасы;

13. Өтініш берушінің жеке жетістіктері туралы құжаттың сканерленген нұсқасы;

14. Жеке кәсіпкерлер жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама ұсынады;

15. Егер Сіз еңбек демалысында немесе еңбекке уақытша жарамсыз демалысында болып, Сіздің табысыңыз төмендеген болса, еңбек демалысы туралы бұйрығын немесе еңбекке уақыташа жарамсыз парағын қосымша ұсыну қажет.

16. Егер Сіз ТЖ әрекетіне 42 500 теңге алған болсаңыз, Сізге осы жәрдемақы түскен картаның шотынан үзінді көшірмені тіркеу қажет (01.01.2020 - 05.12.2020 жылдар кезеңінде карта бойынша үзінді көшірме).

Қатысуға құжаттар тапсырған азаматтар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі.

- Отбасының болғаны үшін - 5 балл, Некенің әр жылы үшін - 2 балл;

- Бала болғаны үшін-1 балл, келесі әрбір бала үшін – 2 балл;

- Бюджеттік ұйымдардағы (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардағы) еңбек қызметі үшін – 5 балл, еңбек өтілінің әр жылы үшін -1 балл;

- нарық сұранысына ие 100 мамандық тізіміне сәйкес мамандықты игерген өтініш берушіге - 10 балл (тізім сайтта жарияланған zhilfond.kz);

- жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кемінде 1 жыл – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл;

- өтініш берушінің әртүрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған кезде (кәсіби саладағы жетістіктері ескеріледі) – 2 балл;

- екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шоттарындағы жинақтардың әрбір жылы үшін - 2 балл.


Соңғы жаңалықтар