Жұмысшылар жалақысын уақытылы төлемеген мекеме басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат - Атырау қалалық прокуратурасы «Атыраумұнайгазгеология - Бұрғылау» ЖШС-іне тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтжиесінде аталған мекеменің жұмысшыларға жалақыны толық және белгіленген мерзімде төлемеуі, төлемді кідірту кезіндегі өсімақыны есептемеуі және төлемеуі, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын уақытылы және толық аудармауы орын алғандығы анықталды.
None
None

Бұл ақпаратты ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратып отыр.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша бұл шаруашылық субъектісін өкілетті органдар бірнеше мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Алайда, осы серіктестік қызметкерінің еңбек ақысын және толық есеп айырысу ақшасын ала алмай жүргені жөніндегі Атырау қалалық прокуратурасына жазған арызын тексеру барысында, мекеменің жұмысшыларға жалақыларын төлеуге мүмкіншілігі болғанына қарамастан 2009 жылдың ақпанынан шілде айына дейінгі аралықта 581 жұмысшыға берешегі 110 195 353 теңге екені белгілі болды.
Тексеру қорытындысы бойынша, жинақталған құжаттар ЖШС-нің басшысына қатысты ҚР ҚК-нің 148 бабының 3 бөлігімен қылмыстық іс қозғау үшін өкілетті органға жіберілген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар