Жұмысшылардың еңбек құқығын қорғауға ерекше назар аудару қажет –Тамара Дүйсенова

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Атырау облысындағы «Теңізшевройл» ЖШС базасында кеңес өткізді. Жергілікті атқарушы билікті жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғау, жанжалдарды болдырмау мәселесіне ерекше назар аударуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Министрдің дерегіне сүйенсек, Атырау облысында 9,5 мыңнан астам кәсіпорын мен мекеме жұмыс істейді. Онда 278 мың жалдамалы қызметкер еңбек етеді.

Өңірде компаниялардағы 242 мың жұмыскерді қамти отырып, жұмыс орындарын сақтау бойынша 3,7 мың меморандумға жқол қойылған. Ірі және орта кәсіпорындардың 97,8 пайызы қызметкерлерімен ұжымдық шарттар жасасқан.

Облыста 109 кәсіпорын жалақысы төмен 108 мың қызметкерлердің жалақысын 5-тен 50%-ға дейін көтерген. Алайда, еңбек жанжалдарының туындау қаупі жойылмаған кәсіпорындар бар.

«Жергілікті атқарушы органдар еңбек жанжалдарының алдын алуға және жол бермеуге тиіс. Жұмыс берушілердің ұжымдық шарттар мен меморандумдарға сәйкес жұмыс орындарын сақтау жөніндегі міндеттемелерін орындауына тұрақты мониторинг жасалып отыру керек. Жұмысшылар еңбек жағдайлары мен жалақы деңгейіне үнемі сауалнама жүргізу қажет», -деді Тамара Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, мұнайлы өңірде жалақы қарызы жойылмаған кәсіпорындар әлі де бар. Қазір 9 кәсіпорында жалпы сомасы 34 млн теңгені құрайтын еңбекақы берешегі бар.

«Әкімдік облыстық прокуратура, қаржы және әділет органдарымен бірлесіп, жалақы, әлеуметтік аударымдарға қатысты берешекті өтеудің егжей-тегжейлі жоспар-кестесін әзірлеуі қажет. Соған сәйкес жалақы жөніндегі ықтимал берешекті анықтау, жұмыскерлерді жұмыстан босату, әлеуметтік аударымдарды төлеудің төмендеуіне мониторинг жүргізілгені жөн», -деді Тамара Дүйсенова.

Министр шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерді тексеру кезіндегі анықталған бұзушылықтарға тоқталды. Заң бұзушылыққа жол берген жұмыс берушілерге пәрменді шаралар қабылдап, өңірлік үшжақты комиссияда тексеру нәтижелерін қарауды ұсынды. Биыл өңірде өндірісте 21 қызметкер зардап шеккен. Оның 3-еуі қаза тапқанын атап өтті.

«Облыс әкімдігі ең көп жазатайым оқиғаларға жол берген жұмыс берушінің әрқайсысымен қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, орындалуын міндетті түрде бақылауы қажет. Мемлекеттік еңбек инспекторлары өндірістік жарақат алуды азайту мақсатында кәсіпорындарға бару арқылы профилактикалық бақылау жұмыстарын күшейткені жөн», -деді Тамара Дүйсенова.


Фото: gov.kz
Соңғы жаңалықтар