Жұмыссыз адамның үйінен 12 миллион рубль ұрланды
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Мәскеуде милиция жұмыссыз адамның пәтерін тонап, одан 12,5 млн. рубль ұрлап әкеткен белгісіз ұрыны іздестіруде,
деп хабарлайды ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
Зардап шегушінің айтуынша, белгісіз адамдар жұма күні қожайын жоқта есікті сындырып, оның үйіне кірген.