19:58, 26 Қазан 2009 | GMT +5
Жұмыссыз адамның үйінен бірнеше шабадан ақша ұрланған
АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Мәскеуде рекордты пәтер ұрлығы тіркелді: астаналық милиция бірнеше шабадан ақшасын жоғалтқаны туралы мәлімдеген жұмыссыз адамның арызын тексеруде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.
Шабадандарда 6 миллион АҚШ доллары және 7 миллион еуро болған. Бұл қомақты сома зардап шегуші Мәскеудің Волгоград даңғылында жалдап тұрып жатқан пәтерінен ұрланған.Ұрылардың құрбаны болған адамның айтуынша, ақшаларды оған іскер әріптестері сақтай тұруға берген көрінеді.