Жұмыссыз әйел 27 миллион фунт ұтып алды

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Солтүстік Ирландияның тұрғыны жұмыс іздеу барысында билет сатып алды, деп жазады segodnya.ua.

Жұмыссыз әйел 27 миллион фунт ұтып алды

Солтүстік Ирландиядағы Маргарет Лафри есімді жұмыссыз әйел EuroMillions лотереясынан 27 миллион фунт стерлинг (32,5 миллион еуро) ұтып алды. Әйел адам билетті жұмысқа орналасу үшін өтінім толтыруға келген дүкеннен сатып алған.

EuroMillions жаңа ойыны 3 желтоқсанда өтеді. Джекпот 12 миллион фунтты құрайды. Бұрын бірнеше Еуропа елінде өтетін лотереяның ірі джекпотын 2013 жылғы мамыры айында Ұлыбритания тұрғыны болдырмай тастаған. Ол уақытта билеттің жасырын иесі 81 миллионнан астам фунт алған болатын.