Жұмыссыз қалған азаматтар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры аударымдарының есебінен әлеуметтік төлем алуға құқылы - Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Белгілі бір себептерге байланысты жұмыссыз қалған азаматтар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры аударымдарының есебінен әлеуметтік төлем алуға құқылы.
None
None
Бұл туралы бүгін брифингте Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Әрсен Дүйсенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұрын қызмет атқарған кәсіпорын азаматқа мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жасаған болса, жұмыссыз қалуына байланысты азаматтар заң негізінде қаржылай әлеуметтік төлем алуына болады. Ол үшін жұмыспен қамту қызметіне тіркеліп, тиісті анықтама алуы қажет. Өзінің тұрғылықты жерінде орналасқан Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығына келіп, аталмыш анықтаманы, азаматтығын куәландыратын құжаты мен сол ауданның тұрғыны есебінде тұрғандығы жөнінде куәландырар тіркеу кітапшасын ұсынуы керек», дейді тиісті процедуралар жайын айтқан Ә.Дүйсенов.Әлеуметтік төлем азаматтың жұмыспен қамту қызметіне өтініш түсірген күннен бастап ай сайын төленіп тұрады. Аталмыш төлемдердің көлемі соңғы айлардағы табыстардың орташа деңгейіне, әлеуметік сақтандыру жүйесіндегі өтілінің мерзіміне байланысты анықталады.
Соңғы жаңалықтар