Жұмыссыз ресейлік Қытайға салмағы 1 келіден асатын алтын әкетпекке әрекеттенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Забайкалье шекарашылары салмағы 1,1 келіден асатын алтын партиясын ұстады. Оны жұмыссыз ресейлік контрабандамен Қытайға әкетпек болған, деп хабарлады ТАСС өңірлік шекара басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыссыз ресейлік Қытайға салмағы 1 келіден асатын алтын әкетпекке әрекеттенді

«Шекарашылар Ресейлік 46 жастағы отандастары заңсыз әкетіп бара жатқан салмағы 1130 грамнан астам алтын партиясын ұстады. Жұмыссыз ер адам "Забайкальск" халықаралық автомобиль өткізу пункті арқылы ҚХР-ға бағыт алған. Сарапшылардың бағалауы бойынша оның құны 2,8 млн. рубльден асқан», - деді ведомствода.

Бұл ер адамның жеке автомобилінің технологиялық қуыстарына алты алтын кесегі жасырылған екен. Ұсталған адам қымбат бағалы жүктің шыққан жерін және оны сатып алушының жеке деректері туралы айтудан бас тартты.