18:52, 15 Қазан 2012 | GMT +5
Жұмыссыздар саны 475,3 мың адамды құрады - ҚР Статистика агенттігі
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы тамызда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 51890 теңгені құрады. Өсім 2011 жылғы тамызбен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 9,1 пайызға, нақты ақшалай табыстар үшін - 4,2 пайызға жетті. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінде өткен брифингте аталған ведомствоның басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«2012 жылғы тамызда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 104546 теңгені құрады. 2011 жылғы тамызға қарағанда 12,3 пайызға өсті. Нақты жалақы индексі 2011 жылғы тамызға 107,2 пайызды құрады»,-деді агенттік төрағасы.
Оның сөзіне қарағанда, 2012 жылғы қыркүйекте жұмыссыздар саны бағалау бойынша 475,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,3 пайызды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2012 жылғы қыркүйектің соңына 54,7 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,6 пайыз деңгейінде. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,3 пайызын құрады.