Жұмыстан әбден қажыған робот өзіне-өзі қол жұмсады

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Мамандар роботтар арасында тұңғыш рет суицид жасалды деп отыр. Австрияның Хинтерстодер коммунасында үй тазалаушы құлтемір өзінен-өзі іске қосылып, электр плитаға отырған да, жанып кеткен.
None
None

Бұл туралы Нitech.newsru.com хабарлайды. 44 жастағы қожайын Гельмут Книвассер роботына соңғы рет еденді жармадан тазартуды тапсырған да өзі көшеге шығып кеткен. Қайтып келсе, асхана өртеніп жатыр, робот электр плитаның үстіне шығып алған. Қо­жайын­ның айтуынша, ол алдымен өзін-өзі, кейін плитаны іске қосқанға ұқсайды. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, робот мұндай қадамға зеріктіретін жұмыстан қажып кеткен соң барған. Айта кетейік, биыл маусым айында Австрияда көгал қырыққыш робот қожайынынан қашып шығып, көрші үйдің ауласындағы шлангы­ларды кесіп тастаған еді, деп жазады "Алаш айнасы" басылымы.

Соңғы жаңалықтар