Жұптасып сырғанаудан Қытай спортшылары 7-Қысқы Азиада ойындарының чемпиондары атанды

АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жұптасып сырғанаудан Қытай спортшылары 7-Қысқы Азиада ойындарының чемпиондары атанды.
None
None

Бүгін елордадағы Республикалық велотректе жұптасып сырғанаудан ақтық мәре өтіп, екі кезеңнің қорытындысы бойынша 195,90 ұпай жинаған қытайлық Кинг Панг пен Жиан Тоңг жұбы Азия чемпиондары атанды. Аспанасты елінің тағы бір жұбы Венжинг Суи мен Сонг Хан 177,54 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал 143,04 ұпай жинаған Корей Халықтық Демократиялық Республикасының спортшылары Жи Хианг Ри мен Вон Хиок Тае қола жүлдеге табан тіреді.

Айта кетейік, бүгінгі күннің қорытындысымен Қазақстан құрамасы 28 алтынмен көш бастап келеді. Сондай-ақ ел қоржынында 19 күміс, 15 қола медаль бар. Жалпы жиынтық - 62 медаль. Екінші орында корей спортшылары. Олар 12 алтын, 11 күміс, 12 қола медаль еншіледі. Бастапқы үштікті 11 алтын, 22 күміс және 15 қола медальмен Жапония құрамасы тұйықтап тұр. Ал 7-Қысқы Азиада ойындарында 11 алтын, 9 күміс, 13 қолаға қол жеткізген Қытай құрамасы төртінші орында. Сондай-ақ жүлделі орыннан көрінген мемлекеттер тізімінде Иран, Моңғолия және Корей Халықтық Демократиялық Республикасы да бар.

Соңғы жаңалықтар