Жүрдек пойыздар кестесіне өзгерістер енгізілді
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ өндірістік қажеттіліктерге байланысты «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған төмендегі жүрдек пойыздардың қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізілгені жайлы хабарлайды:
- №1/2 «Алматы-2 - Астана» пойызы құрамы 31 вагонға көбейтілді (22 вагон орнына). Жаңа құрамда пойыз Алматы-2 вокзалынан 2014 жылғы 3 ақпанда, Астанадан 4 ақпанда аттанады;
- №2/1 «Астана-Алматы-2» пойызы 2 күнге, Астанадан 2 және 3 ақпанда 22 вагонның орнына 27 вагон болып аттанады;
- №19/20 «Астана-Атырау» пойызы 22 вагонға дейін қысқартылды (23 және 27 вагон болған). Ол Астанадан 2 ақпаннан бастап, Атыраудан 3 ақпаннан бастап жүреді;
- №64/63 «Астана-Семей» пойызы 22 вагонға дейін қысқартылды (23 және 27 вагон болған). Ол Астана мен Семейден 2014 жылғы 5 ақпанда аттанады;
- №88/87 «Ақтөбе-Астана» пойызы 27 вагон орнына 23 вагонға қысқартылды. Ол Ақтөбеден 2014 жылғы 4 ақпаннан, Астанадан 2014 жылдың 5 ақпанында жүреді;
- №151/152 «Алматы-2 - Петропавл» пойызы 35 вагоннан 27 вагонға дейін қысқарды. Ол Алматы-2 станциясынан 3 ақпаннан, Петропавлдан 4 ақпаннан бастап шығады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.