"Жүрегім - сазды сандығым" атты ән кеші өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Үлкен сахнаға алғаш рет«Күлкі керуені» әзіл-сықақ театрында «Үзілді арман» әніммен шыққан едім. Бұл кеш өнер жолындағы 10 жылдық шығармашылық жұмысымның есебі болғалы отыр. Онда 30-дан астам шығармам орындалады деп жосарлануда", дейді Естай Әлікеев. Әр әнін орындаушының дауысына лайықтап шығарғанды жақсы көретін Е. Әлікеевтің туындыларын нақышына келтіріп шырқап жүрген Мақпал Жүнісова («Мәңгілік сағыныш»), Тұңғышбай Жаманқұлов («Шыда, шыда», Достарым менің»), Ділназ Ахмадиева («Күтемін»), Динара Қырықбаева («Жастық шақ») мен «Каспий» («Сағындың ба»), «Нұр-Мұқасан» топтары («Ерке қыз») сияқты өзге де орындаушылар оған айғақ бола алады. Бұл кешке дайындықты ерте көктемнен бастаған автор онда «Ән-жүрегімде» деп аталатын ән жинағы мен «Мына дүние» деген әнге түсірген бейнебаянының да тұсауын кескелі отыр.