«Жүрек күні» жұртшылықтың назарында болады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік «Жүрек күні» жыл сайын, Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДДҰ) ұйымы ЮНЕСКО-мен серіктес Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен және Халықаралық ұйымдардың қолдауымен қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтеді. Аталған шара Қазақстанда 22 қыркүйек пен 1 қазан аралығында ұйымдастырылмақ.
Қан айналымы жүйесі (ҚАЖ) ауруларын алдын алу жөнінде өткізілгелі отырған онкүндікте медицина қызметкерлеріне арналған оқыту шаралары, қан айналымы жүйесі ауруынан болған өзекті мәселелер айтылып, жұртшылық назарын аударту үшін түрлі шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, профилактикалық шараларға бастамашылық ету мақсатында ақпараттық-коммуникациялық науқан жүргізіледі.