16:39, 29 Тамыз 2014 | GMT +5
Жүрекке жасалатын кейбір операцияға мемлекет есебінен 800 мыңнан 1,2 млн. теңгеге дейін қаржы төленеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнәр Құлқаева жүрекке жасалатын әрбір қымбат операция мемлекетке қаншаға түсетіндігін айтып берді.

Оның сөзіне қарағанда, елімізде кардиохирургиялық орталықтардың желісі тармақталып ұйымдастырылғандықтан, жыл сайын 10 мыңнан астам стенттілеу (жүрекке жасалатын операция) жасалады. Бұндай операцияға мемлекет есебінен 800 мыңнан 1,2 млн. теңгеге дейін жұмсалады.
Осы орайда ол кардиохирургиялық ауруларға қажетті көмек республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатындығын еске салып өтті.
«Бізде сонымен қатар аортокоронарлық шунттау әр өңірде жүргізілуде. Жыл сайын 2,8 мың адам осындай көмек алады. Бұндай операцияның құны 1,8 млн. теңгеден 2 млн. теңгеге дейін»,-деді Г. Құлқаева.