Жүргізілген шаралардың нәтижесінде қылқан жапырақты ағаштарды кесу жағдайлары орын алған жоқ - ІІД

АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Жаңа жылға қарсы арнайы жүргізілген шаралардың нәтижесінде әзірге  қылқан жапырақты ағаштарды кесу жағдайлары орын алған жоқ», деп мәлімдеді бүгін Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Батырлан Есенбай журналистермен болған баспасөз мәслихатында,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда қылқан жапырақты ағаштарды кесу мен оны саудалаудың алдын алуға барынша көңіл бөлініп отыр. Табиғатты қорғау, жол полициясы мен учаскелік полиция қызметкерлерінен жедел топтар құрылып, олар күндіз-түні рейд шараларын ұйымдастыруда. «Аталмыш шаралар барысында шырша сатылатын арнайы орындарды тексеруге барынша көңіл бөлінген. Қазір қалада шырша сататын 7 орын бар, ал шырша сату құқығы 5 заңды тұлғада бар. Олар «Суржиков», «Сүйіндіков», «Хайдаров», «Балғабаев» сияқты жеке кәсіпкерлер мен «Алмас-07» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Еліміздің аймағына қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз әкелудің алдын алу мақсатында жол полициясының өкілдері арнайы «Шеп» бекеттерін ұйымдастырды», деді басқарма бастығы.

Соңғы жаңалықтар