13:21, 05 Қаңтар 2016 | GMT +5
Жүргізуші әйел жанар-жағар май стансасында өз көлігін өртеп жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Сургут қаласында жас қыз жанар-жағар май құю стансасында өз көлігін өртеп жібере жаздады. Бұл туралы ng72.ru сайтында хабарланды.

Оқыс оқиға 4 қаңтарда жанар-жағар май құю стансасында орын алды. Бейне материалдан көрінгендей, ол көлігіне дұрыс құйылмай жатқан жағармай багының ернеуін қыздырмақ болған.