«Жүргізуші, біз өмір сүргіміз келеді» - Қызылордадағы акция

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 1 мамыр - 1 маусым аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты кең ауқымды акция өткізілуде,деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Мұндағы мақсат - жазғы демалыс қарсаңында балалардың жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақаттануының алдын алу, қауіпсіз жол жүру дағдыларын қалыптастыру. Аталмыш шара жергілікті атқарушы органдармен, денсаулық сақтау, білім беру салаларымен, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мүдделі азаматтық қоғам институттармен бірлесіп ұйымдастырылуда.

Акцияның алғашқы күні Қызылорда қаласының мәдениет саябпағында өтті. 9 мамыр күні Жергілікті полиция қызметкерлері «Ортақ жол» жол қозғалысы қауіпсіздігінің қауымдастығы»   қоғамдық бiрлестiгiмен бірлесіп Жол қозғалысының жас инспекторларының қатысуымен «Баяу қозғал. Балалардың өмірін сақтайық» тақырыбында акция ұйымдастырды.

null

Іс-шара барысында Жол қозғалысының жас инспекторлары жол ережелерін сақтау және жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ата-аналар мен көлік жүргізушілеріне сауалдар мен сұрақтар қойды.

Шара соңында «Ортақ жол» жол қозғалысы қауіпсіздігінің қауымдастығы»  қоғамдық бiрлестiгi балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында алыстан жарыққа белгі беретін лента тағып жүрулері керектігі жөнінде кеңес бере отырып, оны балалар мен олардың ата-аналарына таратты.

Сонымен қатар, «Жүргізуші, біз өмір сүргіміз келеді» деген ұранмен жол қозғалысының жас инспекторлары жаяу жүргіншілер жолағына шығып, жүргізушілер арасында насихаттау шараларын жүргізіп, жолда жүру мәдениетін сақтауға, барлық жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.  

Соңғы жаңалықтар
telegram