Жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсырған 76 жастағы зейнеткердің қуанғаннан жүрегі тоқтап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу тұрғыны қаланың оңтүстік-шығысындағы ГИБДД бөлімшесінде ажал құшты.
None
None

Оқыс оқиға сейсенбі күні №4 бөлімшеде орын алды. 76 жастағы ер адам В дәрежесіндегі көлікті жүргізу құқығын беретін практикалық емтиханды сәтті тапсырды. Кенеттен зейнеткер өзін нашар сезініп, есінен танып қалды.

Жапа шегуші жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Полицейлер ер адамды құтқармаққа әрекеттенгенімен нәтижесіз аяқталды.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, мәскеулік жүрек ақаулығы салдарынан көз жұмған.

Соңғы жаңалықтар