Жүргізуші куәлігін сатқан полицей 8 жылға сотталды – Қостанай облысы

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті өңірдегі жемқорлық деңгейі туралы зерттеу жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізуші куәлігін сатқан полицей 8 жылға сотталды – Қостанай облысы

Агенттік мамандары жүргізген сараптама жұмыстарына сүйенсек, облыста жемқорлыққа ең көп жол беретін орган - ішкі істер департаменті. Бұл туралы Ұлттық бюро мен департамент өкілдері ІІД-де өткен жиында мәлімдеді.

«Жыл басынан бері ішкі істер органдары ішінен жергілікті полиция қызметі, атап айтқанда, учаскелік инспекция, табиғатты қорғау күзеті, жол-патруль полициясы жемқорлыққа көбірек жол берген. Қылмыстардың дені пара алу, алаяқтық, қызметін асыра пайдалануға байланысты орын алды. Қылмыстық-процестік кодексiнің шеңберінде облыстық ІІД-не аталған заңбұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiнде ұсыным жасалды», - дейді агенттіктің баспасөз хатшысы Аида Бажирова.

Жалпы, департамент полицейлерге қатысты 38 қылмыстық істі бағыттады. Қазірдің өзінде 4 мемқызметкер сотталған. Мәселен, осы жылдың мамыр айында Рудный қаласы ІІБ қызметкері Панченко мен автоинспектор Шемельтуров 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар тұрғындардан пара алып отырған. Есесіне, оларға жүргізуші куәлігін жасап берген.