Жүргізуші куәлігін заңсыз жасатпақ болған 34 маңғыстаулық алаяққа алданды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында жүргізуші куәлігін заңсыз жасаумен айналысқан алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүргізуші куәлігін заңсыз жасатпақ болған 34 маңғыстаулық алаяққа алданды

«Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Бейнеу ауданының тұрғындары жүргізуші куәлігін алып беремін деп, уәдесінде тұрмаған әйелдің үстінен полицияға арызданды. Алаяқтықпен айналысқан азаматша әр адамнан 130 мың теңге көлемінде ақша алған», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен.

Алаяқтың жеке басы анықталды. Ол Маңғыстау облысының аумағында бір жылда 34 адамды алдаған.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша тіркеліп. Сотқа жолданды.