03:05, 10 Шілде 2017 | GMT +5
Жүргізуші тікелей эфирде қағазды лақтырып жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде KOAT Action News 7 арнасының таңғы жаңалықтар үзіндісі танымалдыққа ие болды, деп жазады capita.com сайты.

Аталған арнаның жүргізушісі Даг Фернандес тікелей эфирде хабар таратып тұрған кезде, техникалық ақаулықтарға байланысты әріптесі оның сөзін қайта-қайта бөле берген. Бұған ашуланған Фернандес өзінің оқып отырған қағазын лақтырып жібереді. Дәл осы сәт таспаға жазылып қалып, желіге тарап кетті.
Айта кетейік, 2002 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Даг Фернандес ерсі қылығы үшін жұмыстан шығарылмаған.