Жүргізушілерге көлікте темекі шегуге тыйым салынбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей жастар одағы жол жүру ережесіне жаңа бап енгізуді ұсынды. Яғни көлік жүргізушісі рульде отырып, темекі шекпеуі тиіс. Осы ұсыныс Мемлекеттік Дума комитетінің төрағасы Евгения Москвичке жіберілді.

Жүргізушілерге көлікте темекі шегуге тыйым салынбақ

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметіне сілтемемен khabar.kz хабарлады.

Жастар ұйымының мәліметінше, жол-көлік апатының дені көлік жүргізушілердің қауіпсіздік ережесін дұрыс сақтамауынан болады.

«Көп жағдайда көлік жүргізушілерінің қателігінен қайғылы оқиғалар орын алып жатады. Жүргізушілер темекі шегіп, болмаса телефонмен сөйлесіп, жол апатына тап болады. Сондықтан көлікте темекі шегуге болмайтындығы туралы жаңа бап енгізу керек», - дейді олар.

Статитистика бойынша, өткен жылы Ресейде 200 мыңнан астам жол-көлік оқиғалары орын алған. Соның ішінде 250 мыңға жуық адам зардап шегіпті.