Жүргізушілерге жол полициясының жұмысы жөнінде анкета толтыру ұсынылады

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының жол полициясы «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясымен бірге «Жол бойында қабылдау» республикалық акциясын өткізуде, деп хабарлайды елорданың ресми сайты қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жүргізушілерге жол полициясының жұмысы жөнінде анкета толтыру ұсынылады

Күні бойы жол үстіндегі қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, акция аясында жүргізушілерге жол полициясы қызметкерлерінің заңдылықтар мен азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері мазмұнындағы анкеталар толтыру ұсынылады.

Акция қаладан шығарда және қалаға кірердегі барлық алты «Рубеж» стационарлық жол қосынында, сондай-ақ, Промзона, 35 және Жаңа жол, 6 мекен-жайы бойынша тіркелу-сынақ тапсыру бөлімдерінде өтуде.