Жүргізушінің алкоголь немесе есірткі қабылдағанын куәландыру электронды форматта жүргізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жүргізушілердің психоактивті затты пайдалану фактісі мен мас күйін медициналық куәландыру электронды форматқа көшіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
None

Жобаны Денсаулық сақтау министрлігі, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті және Ішкі істер министрлігі «Республикалық медициналық институт» серіктестігінің қатысуымен жүзеге асырады.

Бұл әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімімен электронды форматтағы дерек алмасуды және құқық қорғау органдары мен медициналық мекемелердің арасындағы ақпаратты синхрондауды қамтиды.

Жүйелерді интеграциялау медициналық куәландыруға жіберу және медициналық куәландыру актісін алу жоспарында қағазсыз құжат айналымын іске асыруға мүмкіндік береді.

Пилоттық жоба Павлодар облысында іске қосылды, оның шеңберінде 2000-нан астам электронды бағыттар мен медициналық куәландырудың электронды актілері қалыптастырылды. Жобаның пилоттық кезеңіне Алматы, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары да дайын.

Бұдан басқа, жол-көлік оқиғалары кезінде Еуропалық хаттаманы алдағы уақытта енгізу шеңберінде сақтандыру жағдайларын ресімдеу кезінде деректерді алмасу үшін Мемлекеттік кредиттік бюроның сервистерімен медициналық куәландырудың электрондық жүйесін интеграциялау жүзеге асырылды.

Интеграция – әкімшілік процестерді цифрландырудың маңызды қадамы, бұл дерек алмасу уақытын қысқартуға, ашықтықты қамтамасыз етуге және жүргізушілерді медициналық куәландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайтуға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар