Жүргізушісіз таксилер іске қосылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеке автоматикалық көлік, яғни болшақтың қалалық көлігі деп аталып кеткен «жүргізушісіз такси» алдағы екі жылда Дубайда пайда болады. Бұл туралы БАӘ-нің Gulf News атты газеті хабарлады.
PRT жүйесі - ол автоматты түрде (жүргізушісіз) белгіленген жолдардың желісін пайдалана отырып, жолаушыларды такси режімінде тасымалдайтын жоғары технологиялық қалалық көлік болып табылады. Осы тектес жүйені әзірлеу жұмыстары 1953 жылы басталған болатын, алайда оны енгізуге қозғалыс қауіпсіздігіндегі кейбір кемшіліктер тежеп келді. Қазіргі кезде әлемде көліктің осы түрі тек лондондық Хитроу әуежайында ғана қызмет етуде. Бұл жүйе жолаушылар үшін 2010 жылы іске қосылған болатын. Бүгінде ол БАӘ астанасы Әбу-Дабиде тестілік тәртіпте қолданылуда.