Жүргізушілер 9 облыс жолдарында сақ болуы керек - Қазавтожол
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Ақмола, Абай, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қар күтіледі, деп хабарлайды Қазавтожол мекемесі.
Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.
-Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз,-делінген Қазавтожол мекемесі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Қазгидромет 22 қазанда елдің бірнеше өңірде күн күрт бұзылатынын ескерткен болатын.