Жүргізушілер жолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы керек - ҚазАвтоЖол ескертті
АСТАНА. KAZINFORM - ҚазАвтоЖол республикалық жолдардағы ертеңгі ауа райы туралы мәліметті таратты.
«17 қазанда Атырау, БҚО, Маңғыстау, Қарағанды және Алматы облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады.
Ал Жамбыл, Жетісу, ШҚО және Абай облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр және қар жаууы мүмкін», — деп жазды ведомстводан.
Сол себепті мамандар жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды.
Сонымен бірге 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.