Жүргізушісіз жаңа энергетикалық көліктер кенде жұмыс істеуде - шетелдегі қазақ баспасөзі
Кazinform ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.
Орталық Азия елдерінің журналистері Ташкентте бас қосты - «ӨзА»
Ташкент қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Қоғамдық дипломатия орталығы, Өзбекстан Журналистер одағы, Өзбекстан Ұлттық БАҚ қауымдастығымен бірлесіп «Орталық Азия дауысы»: ұлттық кеңістіктен аймақтық кеңістікке» тақырыбында Орталық Азия елдері журналистерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды «ӨзА» ақпарат агенттігі.

Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің БАҚ өкілдері қатысқан шарада қонақтар Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясының тарих мұражайының жәдігерлерін тамашалады.
Өзбекстандық медиа орталықта телеарналар, соның ішінде «Өзбекстан тарихы» телеарнасы үшін түрлі бағдарламалар мен шоулар түсіруге арналған студиялардағы журналистер мен техникалық қызметкерлерге жасалған жағдаймен танысты.
Сондай-ақ, «ӨзА»-да «Өзбекстан мен Қазақстан шекарадан азаматтарды ID карта арқылы өткізуді талқылап жатыр» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды.

Өзбекстан мен Қазақстанның ресми ведомстволары екі ел азаматтарының мемлекеттік шекарадан ұлттық жеке куәлік (ID карта) арқылы өтуіне рұқсат беру мәселесін талқылап жатыр.
«Бұл туралы Өзбекстан Президентінің сыртқы саясат жөніндегі арнайы өкілі Абдулазиз Комиловтың «Жаңа Өзбекстан» газетасында жариялаған мақаласында айтылған», деп жазады өзбестандық БАҚ.
Саясаткер Астана қаласында өткен Орталық Азия елдері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі аймақтағы барлық елдердің кейінгі алты жылдағы кезекті төрағалығының нәтижесін символды қорытындысы болғанын айтып, бұл формат мемлекетаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастап бергенін мәлімдеген.
Абдулазиз Комилов өз мақаласында, бүгінде Өзбекстан мен Орталық Азия елдері арасындағы шекараны достық пен тату көршілік көпірі деп атауға болады. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Өзбекстан-Қырғызстан шекарасынан өтуде азаматтар ID картаны пайдалануда. Дәл осындай жоба Қазақстанмен де талқылануда екенін жазған.
Иранның тоқыма өнеркәсібі көрмесіне 120 шетелдік компания қатысады - «Parstoday»

Иранның тоқыма өнеркәсібінің 30-шы көрмесі Теһран халықаралық көрмелерінің тұрақты орнында 13 елден 170 ирандық компания мен 120 шетелдік компанияның қатысуымен басталды, деп хабарлайды Иранның «Parstoday» ақпарат агенттігі.
Ирандық БАҚ-тың мәліметінше, 29 мурдад (19 тамыз) Теһран халықаралық көрмелерінің тұрақты орнында басталған Иранның тоқыма өнеркәсібінің, соның ішінде машина жасау, шикізат, үй тоқыма бұйымдары, кесте тігу машиналары мен тоқыма бұйымдарының 30-шы көрмесі шахривардың 1-іне (22 тамыз) дейін жалғасады.
Бұл көрмеге Германия, Италия, Тайвань, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Түркия, Пәкістан, Австрия, Швейцария, Үндістан, Жапония және Қытайдан келген қатысушылар тоқыма өнеркәсібі саласындағы соңғы өнімдері мен қызметтерін ұсынады.
Аталған халықаралық басқосуға 290-нан астам ирандық және шетелдік компаниялар өз мүмкіндіктерін таныстыру, инвестиция, сауда және сауда алмасуларын қамтамасыз ету және осы саланың жаңа мәліметтерін бір-бірімен талқылап, алмасу үшін жиналды.
Сондай-ақ осы аптада «Parstoday» ақпарат агенттігінде «Иранның Pars халықаралық фото фестиваліне 63 елден фотографтар қатысады» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрген болатын.

Pars халықаралық фотофестивалінің бірінші кезеңі мәдениет пен өнерді қолдау саласындағы әлеуметтік жауапкершілік рөліне сәйкес фотосурет өнерін дамыту, дарынды жастар мен суретшілерді қолдау Иранның Парс аймағының мүмкіндіктерін таныстыру мақсатымен қыркүйек айында өтпек.
Pars халықаралық фотофестивалінің жауапты хатшысы Реза Мирмехрабидің айтуынша, бұл шара үш секторда өтеді: мұнай өнеркәсібі, отбасы, экология және туризм және 63 елдің фотографтарын қарсы алады. Фестивальге түскен жұмыстарды бағалаудан кейін әртүрлі секциялардың жеңімпаздары анықталады. Көрменің ашылуымен бір уақытта шахривардағы салтанатты шарада таңдалған жұмыстар таныстырылып, бағаланады.
Кенде жүргізушісіз көліктер жұмыс істеп жүр - «Халық газеті»
Жақында Холин-Гол қаласында Ұлттық электр энергетикасы инвестициялық тобы Ішкі Моңғол компаниясының (SPIC)Оңтүстік ашық көмір кені 35 жаңа 100 тонналық энергетикалық жүргізушісіз тау-кен жүк көлігін енгізді, деп хабарлайды қытайлық «Халық газеті» басылымы.

Қытайлық басылымның мәліметінше, олардың отын үнемдеуі 20%-дан 30%-ға дейін жетеді.
«Ал әрбір жүргізушісіз көлік жыл сайынғы көмірқышқыл газының шығарындыларын 100 тонна азайтады. Сонымен қатар жүргізушісіз тасымалдау жүйесі жергілікті жұмыс жүргізетін қызметкерлерге сұранысты азайтып, бүкіл шахтаның өндірістік қауіпсіздігін жақсартады», деп жазды қытайлық БАҚ.
Сондай-ақ, осы аптада «Халық газеті» басылымында «Қазақ дәрігері Қытайдағы «ең үздік дәрігер» атағын алды» деген ақпарат жарияланды.
19 тамыздағы Қытай Дәрігерлері күніне орай Орталық үгіт-насихат басқармасы мен ұлттық денсаулық сақтау комитеті 2024 жылғы «Ең үздік дәрігерлердің» тізімін жариялады. Қазақ дәрігері Мәулішәріп Қапа үздік деп таңдалды, деп хабарлайды Қытайдың «Халық Газеті».
Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, Мәулішәріп Қапа Шыңжаңның Бурылтоғай ауданындағы ауылдың зейнеткер дәрігері.

Ол 40 жыл бойы шаруашылық өңірінің түкпір-түкпірін аралап, дәрі-дәрмек пен дәрігерлік қызметін ем алушылардың отбасына дейін жеткізген.
М. Қапа жұмыс бабымен жүргенде Шыңжаңның Бурылтоғай ауданындағы елді мекендерді аралап, әрбір малшы отбасымен танысқан.
Мәулішәріп Қапа 1975 жылы Шыңжаң Халықтық қытай медицина мектебін бітіргеннен кейін Бурылтоғай ауданындағы жұмысын атқарған 47 жылда ол өзінің тамаша дәрігерлік шеберлігімен және кәсіби этикасымен халықтың құрметіне бөленген.
Ол тек өз кәсібімен ғана айналысып қоймай, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласқан.
Атап айтқанда, 1992 жылдан 2022 жылға дейінгі 30 жыл ішінде Бурылтоғай ауданының білім беру саласына 700 000 юаннан жоғары қаржы аударып, 500-ден астам мектепті тастап кеткен баланың оқуға қайта оралуына көмектескен. Сондай-ақ 36 кедей оқушының оқуын толық аяқтауына қаржылық жақтан қол үшін созған.
Айта кетейік, Мәулішәріп Қапа көп жыл бұрын зейнетке шыққанымен әлі де ауылдастарының сырқатын емдеп келеді.
Түркия мұнай мен табиғи газ өндірісінде рекорд жаңалады - TRT
Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде министр Алпарслан Байрактар 2024 жылды мұнай және табиғи газ өндірісін арттыру жылы деп жариялады. Оған себеп Түркияда осы айда мұнай мен табиғи газдың күнделікті өндіріс рекордтары жаңарған.
Бұл туралы осы аптада Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады.

А. Байрактардың айтуынша, көздеген мақсатқа қарай ілгерілеушілік бар. Тамыз айында мұнай мен табиғи газ өндіру тарихтағы ең жоғары деңгейге жеткен. 17 тамызда шикі мұнай өндіру 107 мың 621 баррель болды. Бұл өндірістің 95 мың 656 баррелі Түрік мұнай акционерлік қоғамы жүзеге асырды. Дәл сол күні Түркия Габар тауындағы ұңғымалардан 47 мың 58 баррель өндіру көрсеткішіне жетті.
Сондай-ақ, Ұлттық энергетика және тау-кен саясаты аясында Түркияның өз кемелері, инженерлері және қондырғыларымен энергиядағы сыртқы тәуелділікті жоюға үлкен табандылықпен қадам басып келе жатыр.