Журналист алматылықтарды мерекелік шараларды өткізбеуге шақырады
«Коронавирус инфекциясы бізде ғана емес, бүкіл әлемде таралды. Эпидемия өте қауіпті. Басында көптеген адамдар сенбеді, әртүрлі дәлелдер, пандемия жоқ деген пікірлер болды. Адамдар жаппай ауырған кезде ғана сене бастады. Бір ай бұрын вирустық инфекциядан көптеген сөз шеберлерін жоғалттық», - дейді Заманбек Әбдешев.
Заманбек Әбдешев қазір әр адамнан өмірге қатысты кейбір көзқарастарды қайта қарауды талап ететін уақыт келді деп санайды.
«Біз қиын кезеңді бастан өткердік. Қазір жағдай біршама босаңсып кетті. Бірақ, бұл тізгінді жіберуге себеп емес. Қазақтар қанша көпшіл болса да, той жасауды ұнатса да, мұның бәріне қайта, басқаша қарайтын уақыт келді. Қазіргі уақытта барлық сақтық шараларын сақтау, маска тағу, қашықтықты сақтау, қолды дезинфекциялау қажет. Сонымен қатар, мүмкіндігінше үйден шықпауға, адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуға болады. Мұның бәрі ең алдымен өзі үшін, жақындарының, туыстарының және болашақ ұрпақтың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін жасалады», - дейді ақын.
Сонымен қатар, ол коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлердің еңбегін атап өтті.
«Мен дәрігерлерге бас иемін. Көптеген дәрігерлер, медбикелер бірнеше ай бойы үйінен алыс болды. Ауруханаларда түнеп, індетпен күресті. Біз өз тарапымыздан дәрігерлерге көмектесіп, олардың жұмысын жеңілдетуге, үлесімізді қосуымыз керек. Санитарлық талапты сақтау арқылы коронавирусты жеңеміз деп есептеймін», - деді Заманбек Әбдешев.