Журналист Елбасынан алған сыйақысын қайырымдылық қорына аудармақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі Майра Абдрахманова ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы үшін берілетін сыйақыны Аружан Саинның «Мейірімділік» қайырымдылық қорына аудармақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Журналист Елбасынан алған сыйақысын қайырымдылық қорына  аудармақ

 «Бүгін сыйлықты табыстаудың дәстүрлі шарасын бұзғым келіп тұр. Мен науқас балаларға қолдау көрсету үшін алған сыйақымды «Мейірімдік» қайырымдылық қорына аударғым келеді. Қорды менің әріптесім журналист Аружан Саин басқарады. Бейбітшілік саласындағы сыйлығын аталған қорға аударып, 29 баланы құтқарып қалған құрметті Президентімізден үлгі алғым келді. Оларға шұғыл ота жасалған болатын. Бұл шағын ғана үлесі шығар. Дегенмен, көптеген бала көмекке мұқтаж. Біз Мемлекет басшымыздан үлгі алуға тиіспіз», - деді Майра Абрахманова.

Айта кетейік, бүгін Ақордада ҚР Мемлекетті хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі Абдрахманова Майра Қабиқызына Қазақстанның жаһандық бастамаларын жан-жақты жариялап-көрсеткені үшін ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығын табыстаған болатын.  Сыйлықтың ақшалай жүлдесі 3 млн теңгені құрайды.