Журналист көлігінің өртелуіне қатысты қылмыстық іс ІІМ бақылауында

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматыда журналист Динара Егеубаеваның көлігі өртеніп, қалалық полиция департаменті осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша аталған дерек ҚР ҚК-нің 202-бабымен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қылмыстық іс бойынша өндірісті қалалық ПД Тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қаласы полиция департаментінің бақылауында.


Соңғы жаңалықтар
telegram