Журналист Лұқпан Ахмедияровқа шабуыл жасағандар ұсталды

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Орал қалалық соты журналист Лұқпан Ахмедияровқа шабуыл жасады деген айып тағылған БҚО-ның төрт тұрғынын қамауға алуға рұқсат етті,

Журналист Лұқпан Ахмедияровқа шабуыл жасағандар ұсталды

деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Бұлтартпау шарасын қолдану туралы қолдаухатты сотқа тергеу органдары жолдаған. Тергеу бұл қылмыс аса ауыр санатқа жатады деп санаған. Күдіктілер істі тергеу жұмысына кедергі келтіріп, сондай-ақ қылмыстық іздеу органдарынан жасырынуы мүмкін.

«Қамауға алынған азаматтарға ҚР ҚК 2-бөлімі 96-бабы бойынша айып тағылды. Олардың жасы 24-26 аралығында. Олардың бірі осы жылы бір адамға дене жарақатын салып, соңы қайғылы аяқталған қылмыс бойынша да айыпталуда», - деді Орал қалалық сотының төрағасы Ғалымжан Ишанов.

Еске сала кетсек, «Орал апталығы» газетінің журналисі Лұқпан Ахмедияровқа ағымдағы жылдың 19 сәуірінде шабуыл жасалған болатын. Журналисті 8 жерден пышақтап, 3 рет оқ атқан.