Журналист Михаил Козачковтың ісі ҚР заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс - Ақорда

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті», - делінген Руслан Желдібайдың жазбасында.

Оның айтуынша, Қазақстан азаматы ретінде ұсталған журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін журналист Михаил Козачков ұйымдасқан қылмыстық топқа көмектескен деген күдікпен ұсталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар