Журналист Пентагонның баспасөз хатшысы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Bloomberg TV» тілшісі Питер Кук Пентагонның жаңа баспасөз хатшысы болады, деп хабарлады АҚШ Қорғаныс министрі Эштон Картер.

Журналист Пентагонның баспасөз хатшысы болады

«Питер Кук менің командама Пентагонның ресми өкілі ретінде қосылғанын қуана хабарлаймын», - деді әскери ведомствоның басшысы. Министр қарулы күштер үшін маңызды кезеңде әскери ведомствоның мүддесін қорғау үшін Питердің көпжылдық тәжірибесі керек болғанын айтты.

Осы уақытқа дейін Кук «Bloomberg TV»-дің вашингтондық бюросын басқарып келді. Оған дейін ол NBC және MSNBC телеарналарында жұмыс істеп, Қорғаныс министрлігі туралы хабарлар жариялады.

Пентагонда Кук өз жұмысын шілде айында бастайды, деп хабарлады «Росбалт».