Журналистер 24 сағаттық ереуілге шықты

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - ВВС корпорациясының журналистері жұмыс орындарының қысқартылуына қарсылық білдіріп, 24 сағаттық ереуіл өткізуде, деп хабарлайды Утро.ру.

Журналистер 24 сағаттық ереуілге шықты

Олар қызметтік міндеттерін тура бір тәулік орындамайды. Бұл әлемдік жетекші БАҚ-тардың бірінің теле- және радио таратылымына іркіліс алып келуі мүмкін.

ВВС басшылығының кадрлық шешімдері бес жылға есептелген шығындарды қысқарту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Бұл мерзімде корпорация 2 мың жұмыс орнын қысқартуды жоспарлауда. 2004 жылдан бері ВВС-дағы жұмысынан 7 мың қызметкер айырылды.