Журналистер арасында «Даму» сыйлығына байқау жарияланды
АНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - /Марлан Жиембай/ - Қазақстанның Журналистер одағы мен «Қазақстанның Даму банкі» АҚ журналистер арасында «Даму» сыйлығына байқау жариялады,
деп хабарлады одақтың баспасөз қызметінен.
Сыйлық Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында экономика және қаржы саласында жазылған үздік сараптамалық материалдар үшін тағайындалатын болады.
Конкурсқа 2010 жылдың 10 қазаны мен 2011 жылдың 10 наурызы аралығында газет-журналдарда, сайттарда жарияланған, телеарна эфирлерінен көрсетілген журналистік жұмыстар қабылданады.
Конкурстың қорытындысы 2011 жылы 20 наурызда шығарылады. Материалдарды мына мекен-жайға жолдауға болады: 050000, Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 122, Ұлттық баспасөз клубы («Конкурсқа» деген белгімен).