Журналистер арасында "Ислам және бейбітшілік" деген тақырыпта шығармашылық байқау жариялаyды

АЛМАТЫ. 5 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда"Fattach finance" АҚ-ның қолдауымен "Заңғар" шығармашылық бірлестігі журналистер арасында "Ислам және бейбітшілік" деген тақырыпта шығармашылық байқау жариялады.

Журналистер арасында  "Ислам және бейбітшілік" деген тақырыпта шығармашылық байқау жариялаyды

Тамыздың 16-18 күндері өтетінIV республикалық "Қаламгер-Азамат" жас тілшілер форумы аясында тұсауы кесілген бұл шараға жас ерекшелігіне қарамай мерзімді басылымдардың, радио және телеарналар мен интернет сайттардың журналистері мен блогерлер қатыса алады.

"Байқауға "Қазақстандағы исламдық қаржыландыру және оның келешегі мен дамуы", "Исламдық туризм", "Ақылды қажылық", "Халал индустриясы" мәселері жөнінде мерзімді, электронды және интернет басылымдарында жарияланған материалдар қабылданады. Онда Бас жүлдеге 150 мың, 1-орынға 100 мың, 2-орынға 75 мың, 3-орынға 50 мың теңге және 5 журналиске ынталандыру жүлдесі беріледі. Онда қазақ және орыс тіліндегі материалдар жеке-жеке бағаланады және олардың жүлдесінің көлемі бірдей болмақ", - дейді "Fattach finance" АҚ-ның Басқарма төрағасы Заратқазы Нұрпейісов. Оның айтуынша, елімізде исламдық қаржыландыру арнайы заң қабылданып, арнайы банк құрылса да бұқаралық ақпарат құралдарында ол жеткілікті дәрежеде түсіндіріліп жатқан жоқ. Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс кезінде бірде-бір исламдық қаржы ұйымдары өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Қаржы жүйесінің тұрақтылығымен әлем назарын өзіне еріксіз аудартты. Қазақстан халқының 70 пайызы мұсылман дінінде болғандықтан, ислам туризмі мен "ақылды қажылық" мәселесінің бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты көрініс табуы қажет.