Журналистер арасында «Қазақстан - 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағасы» атты байқау жарияланды

АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - «Media life» қоғамдық қоры және елордалық журналистердің «Таңат» клубы тілшілер арасында «Қазақстан - 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағасы» атты байқау жариялады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезеңін, нәтижелері жайында, Ұйымның демократияландыру ісі мен қауіпсіздік саласындағы жетістіктері жөнінде жазылған жарияланымдар мен бейнесюжеттер арасынан үздіктері таңдалып алынады. Еңбектер 2010 жылғы желтоқсан айының 5-іне дейін қабылданады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі кезінде Қазақстан мен Еуропа кеңістігіндегі қатынастар жөнінде сапалы және кәсіби деңгейде жергілікті және халықаралық қоғамды шынайы ақпараттандыруға жұмылдыруға септеседі.

Байқауға Сыртқы істер министрлігі, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы қолдау көрсетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар