Журналистер арасында өткен байқаудың жеңімпаздары марапатталды
СТАНА. Мамырдың 17-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанада отбасы, гендерлік саясат тақырыбына арналған журналистер арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Байқауда Астанадағы отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру туралы тақырыптарды жоғары деңгейде көтере білген «Үздік баспасөз» және «Үздік журналист» атағына лайықтылар анықталды. Сонымен қатар «Отбасы -шағын мемлекет» және «Семья - ячейка общества» аталымдарында үздік мақала авторлары сый-сыяпатқа бөленді.
Астана қаласы әкімдігінің Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Ләззат Құсайынованың атап көрсеткеніндей, аталмыш байқаудың мақсаты - қоғам арасында гендерлік теңдік саясатты және отбасылық құндылықтарды насихаттау болып табылады.
«Отбасы тақырыбы қасиетті де өсиетті тақырып. Себебі әрбір адамның өмірі осы отбасыдан басталады. Сондықтан бұған мақалаларды ұшы-қиырсыз, шексіз арнай беруге болады», дейді Л. Құсайынова.
«Үздік журналист» аталымы бойынша, «Нұр Астана» және «Экспресс К» газеттерінің тілшілерінің аттары аталды. Ал «Отбасым» отбасылық журналы мен Астана және Қазақ радиосының бағдарламалары «Үздік басылым» атағына лайық деп танылды.
«Отбасы -шағын мемлекет» аталымында «Алаш айнасының» және «Қазақстан әйелдерінің» журналистері марапатталса, «Семья - ячейка общества» аталымында сыйлық «Экспресс К» мен «Страна и мир» журналистеріне бұйырды.