Журналистер арасында шығармашылық байқау жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» және «ИИДМБ-2» аясында ҚДБ желісі бойынша қаржыландырылған жобалар туралы үздік материалға байқау жеңімпаздары төрт номинация бойынша анықталады.
«Қазақстанның Даму банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк, ҚДБ) «Нұрлы жол» бағдарламасы және Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ-2) аясында ҚДБ желісі бойынша қаржыландырылған жобалар туралы үздік материалға тілшілер арасында байқау өткізіп жатыр.
Байқаудың мақсаты - ірі индустриялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның қаржы нарығындағы оқиғаларды көрсететін тілшілер мен редакция ұжымдарының шығармашылық қызметін бағалау.
Материалдар тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы, материалды ашудың толықтығы, стилистика және мазмұндау тілінің айқындығы сияқты белгілер бойынша екшеледі. Байқаудың қазылар алқасы ҚДБ және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құралған.
Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады: «Үздік сюжет», «Үздік репортаж», «Өңірлік БАҚ-тағы үздік материал». Бұдан өзге, «ҚДБ қызметін белсенді және білікті көрсеткені үшін» арнайы номинациясы табысталады.
Оған қоса, сыйақы мөлшері кез келген үш номинация бойынша 150 мың теңгені, арнайы номинация бойынша - 250 мың теңгені құрайды.
Байқауға қатысуға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 желтоқсанға дейінгі кезеңде баспа, БАҚ-да немесе интернет ресурстарда, теле немесе радиоарналарда эфирде жарияланған немесе шыққан жұмыстар қабылданады.
Байқау материалдары 2016 жылғы 26 шілдеден бастап 01 желтоқсанға дейін мына мекен-жай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қ., Орынбор көш., 10, «Қазына Тауэр» ғимараты немесе «Тілшілер байқауына» белгісімен pressa@kdb.kz электронды поштасына.
Байқау жайлы толық мәліметті 8 (7172) 792608 телефонынан немесе www.kdb.kz сайтынан ала аласыздар.