Журналистер Джеки Чанды «жерлеп» те қойды

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Америкалық БАҚ атақты Голливуд актері Джеки Чанды «жерлеп қойды». Бұл жаңалық ә дегеннен Интернет пайдаланушыларына тарап кетті.

Журналистер Джеки Чанды «жерлеп» те қойды

Бұл туралы Утро.ру хабарлайды.

Журналистердің айтуы бойынша, "Кунг-фу Панда - 2″ мультфильмімен жұмыс істеп жатқан актердің жүрегі тоқтап қалған. Сонымен бірге АҚШ президенті Барак Обама актердің отбасына көңіл айтып та қойған көрінеді. Дегенмен бұл ақпарат таяуда жоққа шығарылды.