Журналистер ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінен алғыс хаттар алды
АСТАНА. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат - Астанада Баспасөз күніне қарсаңында ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің жетекшілері мен жеке құрамы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерімен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесуге «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметінің өкілдері де шақырылды.
Шара барысында комитет төрағасы Қайрат Тыныбеков журналистерді алда келе жатқан ҚР Баспасөз күнімен құттықтады және жол полициясы қызметкерлерінің жұмысын жұртшылыққа хабардар ету, сол арқылы азаматтар арасында олардың беделін көтеруге үлес қосып келе жатқан журналистерге ризашылығын жеткізді.
Кездесу соңында БАҚ және «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметінің өкілдеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.