Журналистер мен блогерлер үшін Астана күніне арналған конкурс 15 шілдеге дейін ұзартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігі журналистер мен блогерлер үшін елорданың 20 жылдығына арналған конкурстың мерзімін ұзартуда, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.
«Қатысушылардан келіп түскен көптеген өтініштерге байланысты Қоғамдық даму істері басқармасы жұмыстарды қабылдаудың мерзімін 2018 жылдың 15 шілдеге дейін ұзартты», - делінген ресми хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, журналистерге арналған «Жетістіктердің елордасы - Астана» конкурсы келесідегі номинациялар бойынша өтеді:
- БАҚ беттерінде және интернет-ресурстардағы елорданың жетістіктері туралы ең үздік сараптамалық материал
- Астананың 20 жылдығына арналған үздік фоторепортаж
- «Астана - болашақтың қаласы» үздік авторлық жоба
Блогерлерге арналған «Сенің Астанаң» конкурсының номинациясы:
- Астана кеше және бүгін - 20 жылдағы жетістіктер
- Болашақтың астанасы - ақылды қала
- Әлем картасындағы Астана
- Астана - бейбітшілік пен келісім қаласы
Өтініш беру және конкурсқа қатысудың шарттарымен www.astana20.kz сайтынан танысып шығуға болады.