Журналистер үшін ең қауіпті елдер аталды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Журналистердің кәсіби қызметі үшін аса қауіпті мемлекеттер Мексика мен Пәкістан, делінген Press Emblem Campaign халықаралық журналистика ұйымының баяндамасында.

Журналистер үшін ең қауіпті елдер аталды

Утро.ру хабарлап отырғандай, баяндамаға сәйкес, 2010 жылы Мексикада есірткі картельдері мен қылмыстық топтардың қызметін зерттеп жүрген 14 журналист қаза тапты. Осы кезең ішінде Пәкістанда да осыншама журналист қаза тапты.

Мексика мен Пәкістаннан кейін журналистер үшін аса қауіпті елдер қатарында Гондурас, Ирак, Филиппин, Ресей және Колумбия тұр. Жалпы алғанда 2010 жылы әлем бойынша өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде 105 журналист, соның ішінде Ресейде 5 журналист қаза тапты.