Журналистердің кәсіби біліктілігінің арқасында халықтың ақпараттану деңгейі артуда - Ақмола облысының әкімі (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерін құттықтады.
None
None

Салтанатты шара барысында БАҚ өкілдері арасында өткен облыстық «Алтын қалам» байқауының қорытындысы шығарылып, ең үздіктері марапатталды. 

Осы ретте аймақ басшысы журналистер қауымының еліміздің, облысымыздың дамып, өркендеуіне қосып келе жатқан үлестері орасан зор екенін атап өтті.

«Сіздердің кәсіби жоғары біліктіліктеріңіз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыздың арқасында халықтың ақпараттану деңгейі артып, адамдардың бір-бірімен байланыс аясы кеңеюде.

Биылғы жылы Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткелі отыр. Осы ширек ғасыр уақыттың ішінде еліміз ауыз толтырып айтарлықтай көптеген жетістіктерге қол жеткізді және сол жетістіктерде сіздердің де қосқан қомақты үлестеріңіз бар. Сіздердің таланттарыңыз бен іскерліктеріңіз, жоғары моральдық ұстанымдарыңыз Мемлекет басшысы алға қойған биік міндеттерді жүзеге асырып, Отанымыздың гүлденіп өркендеуіне одан әрі де көмектесе береді деп сенемін», - деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Салтанатты шара барысында, «Алтын қалам» байқауының қорытындысы шығарылды. Оған облыстағы республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері мен ардагер журналистер  бірнеше номинация бойынша қатысты. Байқау кезінде телевизия, баспасөз және электронды БАҚ саласындағы ең үздік деген шығармашылық жұмыстар таңдалып алынды.

Байқау жеңімпаздары облыс әкімінің Алғыс хаты, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

null null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар